
3. Тазалау үрдісінің ұзақтығын
орнатыңыз:
Функция Сипаттама
Жылдам 1 сағат,
шамалы
ластықты
тазалау үшін
Қалыпты 1 сағ 30 мин,
қалыпты
ластықты
тазалау үшін
Қарқынды 2 сағ 30 мин,
өте көп
ластықты
тазалау үшін
4. Растау үшін түймешігін
басыңыз.
Пиролитпен тазалау
басталғанда құрылғының
есігі құлыпталады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғы функция
аяқталғаннан кейін де қатты
ысып тұрады.
Салқындатыңыз. Күйіп қалу
қатері бар.
Функция аяқталғаннан кейін
салқындату циклы бойы есік
бекітіліп тұрады.
Салқындату кезінде
құрылғының кейбір
функциялары жұмыс
істемейді.
12.4 Есікті алу және орнату
Есікті және ішкі шыны панельдерді
алып тазалауға болады. Шыны
панельдердің саны әр үлгіде әр түрлі.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғының есігін алған
кезде абай болыңыз. Есіктің
салмағы ауыр.
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша
басыңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне (шамамен 70° градус) қарай
жабыңыз.
4. Есікті екі жағынан қолдарыңызбен
қапсыра ұстап тұрып, құрылғыдан
жоғары қарай қиғаштап көтеріп
тартып шығарыңыз.
5. Есіктің сыртқы бетін орнықты
жерге төселген жұмсақ шүберекке
қаратып қойыңыз. Бұл есіктің
бетіне сызат түсірмеу үшін қажет.
6. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
7. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
8. Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін,
үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден
жоғары тартып шығарыңыз.
9. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ 41
Commenti su questo manuale